АЛҒАШ РЕТ ҚАЗАҚСТАНДА БЕЛГРАД ҚАЛАСЫ МУЗЕЙІНІҢ КӨРМЕСІ!

Сіздерді 2025 жылдың 3 қазан күні сағат 15:00-де Алматы музейінде өтетін Сербия Республикасы, Белград қаласы музейінің «Серб әйелі: ғасырлар тоғысында» атты көрменің салтанатты ашылуына шақырамыз!

«МЕН АЛМАТЫ ТАРИХЫН БІЛЕМІН» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Қала күніне орай Алматы қаласы музейлер бірлестігінің ұйымдастыруымен 2-17 қыркүйек аралығында өткен «Мен Алматы тарихын білемін» байқауы өз мәресіне жетті. Байқау шартына сәйкес, I кезең – эссе жазу байқауы 2-11 қыркүйек аралығында өткізілді. Нәтижесінде үздік деп танылған 30 қатысушы келесі кезеңге өтті.

«МЕН АЛМАТЫ ТАРИХЫН БІЛЕМІН» атты қалалық байқауы ІІ КЕЗЕҢГЕ ӨТКЕН ҚАТЫСУШЫЛАР ТІЗІМІ

Қала күніне орай Алматы қаласы музейлер бірлестігінің ұйымдастыруымен 2-17 қыркүйек аралығында «Мен Алматы тарихын білемін» байқауы өткізілуде.

Алматыда Райымбек батыр мемориалдық кешені қайта жаңғыртылуда

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мемориалдық кешеннің құрылыс алаңына барып, нысанның қазіргі ахуалымен танысты.