2024 жылдың 19 желтоқсан күні «ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ» энциклопедиясының тұсаукесері өтті.

2024 жылдың 19 желтоқсан күні Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Алматы қаласы музейлер бірлестігінің тапсырысы бойынша жарыққа шыққан «ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ» энциклопедиясының тұсаукесері өтті.
Кітап таныстырылымына Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Мамай Ахетов, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, Қазақстанның және КСРО-ның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Асанәлі Әшімов, зиялы қауым өкілдері, белгілі әдебиет, ғылым, мәдениет, өнер қайраткерлері және жазушының қызы Гауһар Мүсірепова қатысты.

Энциклопедияны шығарудағы негізгі мақсат – сөз зергерінің өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, ғылыми айналымға түсіру, оқырмандардың қазақ әдебиетіне деген құрметін арттыру.

Ғабит Мүсіреповтің өмір жолының деректері, өскен ортасы, шығармаларының жазылу тарихы, әдеби байланыстары, замандастарының лебізі молынан қамтылған.
Бұл музей қызметкерлерінің ұзақ жылдар бойы тынымсыз еңбегінің нәтижесінде жарыққа шыққан Ғабит Мүсірепов туралы жазылған үлкен ғылыми жұмыс болып табылады.