Алматыда Наурызнама онкүндігі аясында, 18 наурыз - Ұлттық киім күніне орай Nauryz Fashion Day сән көрсетілімі өтті.

Қызыл кілемнен жүріп өткен модельдер арасында «Әлемді таңқалдырған қазақ әжелері», «Мисс Қазақстан» байқауының жеңімпаздары мен финалистері, мәдениет саласының өкілдері – музей және кітапхана қызметкерлері, театр артистері, сондай-ақ, іс-шараға келген көрермендер қатысты. Олар: тақия киген балалар, заманауи стильдегі шапан жамылған жігіттер, ұлттық нақыштағы әшекейлер таққан қыздар мен камзол киген арулар.

Сонымен қатар, қала тұрғындары ұлттық киімнің маңызы мен элементтеріне арналған викторинаға қатысып, дұрыс жауап берген көрермендерге Алматы қаласы тарихы музейіне билет берілді.

Аталған іс-шара аясында Алматы қаласы тұрғындары мен конақтары үшін Алматы музейінің қорынан алынған қазақтың дәстүрлі зергерлік әшекейлерінің фотокөрмесі ұйымдастырылды.