Белгілі ақын, ғалым Әділғазы Қайырбековтің 70 жылдығына арналған «Наурызға ғашық қаңтармын» атты әдеби кеш өтті

Кеш шымылдығын Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Арман Бейсенбайұлы ашып, қала әкімінің орынбасары Азамат Бескемпірұлының құттықтауын жеткізді. Қазақтың салт-дәстүрімен ақын иығына шапан жапты.
Шара барысында ақын жеке шығармашылығанан наурызға, аналарға арналған, тағы да басқа өлеңдерін оқып, көпшілікті тәнті етті. Т. Жүргенов ат. Өнер академиясы колледжінің студенттері ақын туындыларын нақышына келтіріп орындады.
Ә.Қайырбековтің сөзіне жазылған «Ән ғұмыр» және «Абайдың өлеңін» белгілі әншілер Е.Шүкімән мен Е.Ідіріс орындаса, ал «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық бірлестігі мүшелері халық әндерінен шашу шашты. Кеш соңында Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Құдайбергенқызы ақынды мерейтойымен құттықтап, шығармашылық мол табыс тіледі.