Гирнеде ІІ ТҮРКСОЙ Музейлер Одағының үйлестіруші елдердің жұмыс кеңесі өтті

Гирнедегі СКТР Ежелгі ескерткіштер және музейлер департаментінде 2025 жылдың 8–9 сәуір күндері Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Вице-премьерлігі, Туризм, мәдениет, жастар және қоршаған орта министрлігі мен Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының ұйымдастыруыменІІ ТҮРКСОЙ Музейлер Одағының үйлестіруші елдердің жұмыс кеңесі өтті.

Ресми салтанатты ашылу Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Президенті Ерсин ТАТАР мырзаның қатысуымен өтті. Жиында СКТР Ежелгі ескерткіштер және музейлер департаментінің директоры Эмине ЗИБА, Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігіне қарасты Мәдени мұралар және музейлер бас басқармасы Музейлер департаментінің басшысы Серкан ГЕДҮК және ТҮРКСОЙ Музейлер Одағының Бас үйлестірушісі, PhD докторы Барыш Джавид МӨВСҮМЛҮ қатысушыларға сәттілік тілеп, талқылануға тиіс маңызды мәселелер жөнінде ұсыныстарын ортаға салды.

Отырысқа түркі әлемі музейлерінің директорлары, оның ішінде Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Сағындықова Ляззат Құдайбергенқызы және директор орынбасары Нұрғали Әлібек қатысты.

Пікір алмасу форматында өткен кеңесте ТҮРКСОЙ Музейлер Одағының 2025–2026 жылдардағы іс-шаралары, ТҮРКСОЙ мен СКТР музейлері арасындағы ынтымақтастық жобалары, цифрлық бағыттағы жұмыстар және балаларға арналған интерактив жобаларды жақын арада іске асыру мәселелері қаралды.