Renowned kui composer and performer, People’s artist of Kazakhstan, Dina Nurpeisova was born in 1861 in the Beketai area of the Zhanakala district, West Kazakhstan region. From a young age, she was known as the «Dombyrashy kyz» (the dombra girl) due to her exceptional skill in performing the kui of Dauletkerey, Musirali, Alikey, Turkesh, Uzak, Yeszhan, Baizhuma and Balamaisan. When legendary composer Kurmangazy Sagyrbaiuly heard of her talent, he sought her out and gave her his blessing.
The themes of Dina’s kui compositions are diverse and expressive. Among her most famous works are: «Nauysky», «Asem konyr» (Soft harmony), «Kara kaska at» (The black-spotted horse), «Bulbul» (The nightingale), «Zhiger» (Willpower), «Baizhuma» (Named after the composer Baizhuma), «Kerbez» (Graceful), «On altynshy zhyl» (The year sixteen (referring to 1916 uprising)), «Toibastar» (The wedding prelude), «Ana buirygy» (A mother’s blessing), «Zhenis» (Victory).
Dina Nurpeisova’s dombra is a two-stringed, teardrop-shaped musical instrument, consisting of seven assembled parts. The soundboard is decorated with ornamentation and features a photograph of Zhambyl Zhabayev. This dombra was handcrafted in the 1950s by the famous master Kamar Kasymov, who gifted it to Dina. In 1965, Dina’s son Murat Nurpeisov donated the instrument to the collection of the Guryev regional history museum. Later, in 1981, thanks to the efforts of Uzbekali Zhanibekov, this heritage item was transferred to the Museum of folk musical instruments named after Ykhlas, where it is preserved today.
Қазақтың әйгілі күйші-композиторы, Қазақстанның Халық артисі Дина Кенжеқызы Нұрпейісова 1861 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Бекетай құмында дүниеге келген. Жас кезінде-ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін нақышына келтіре тартып, «домбырашы қыз» атанған. Ел аузынан Дина қыздың даңқын естіген Құрманғазы Сағырбайұлы арнайы іздеп келіп, тыңдап, батасын берген.
Дина күйлерінің тақырыбы әр алуан. Күйшінің «Науысқы», «Әсемқоңыр», «Қара қасқа ат», «Бұлбұл», «Жігер», «Байжұма», «Кербез», «Он алтыншы жыл», «Тойбастар», «Ана бұйрығы», «Жеңіс» сияқты күйлері кең танымал.
Күйші-композитор Дина Нұрпейісованың домбырасы – екі ішекті, жұмыр шанақты музыкалық аспап. Шанағы 7 бөліктен құралған. Бет тақтайында Жамбыл Жабаевтың суреті бар. Домбыраны атақты шебер Қамар Қасымов 1950 жылдары жасап, Дина Нұрпейісоваға сыйға тартты. 1965 жылы Дина Нұрпейісованың ұлы Мұрат Нұрпейісов аспапты сол кездегі Гурьев тарихи-өлкетану музейіне өткізген, ал 1981 жылы Өзбекәлі Жәнібековтің ықпалымен жәдігер Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі қорына алынып, қазіргі таңда аталған музейде сақтаулы тұр.
Esbai Balustauly was a prominent kui composer (kuishi) born in 1842 in the Sarykol area near the village of Karabau, Kyzylkogin district, Atyrau region. He was a representative of the West Kazakhstan school of kui performance. His father, Balusta, was a skilled jeweler and a talented dombra player.
Esbai composed a vast number of kui pieces. Among those transcribed into musical notation are: «Otti-ketti» (It passed and was gone), «Boz tobe» (Grey hill), «El airylgan» (The nation was torn apart), «Bogelek» (Dragonfly), «Balykshy kempir» (The old fisherwoman), «Ker buka» (Stubborn bull). His most well-known and widely performed works include: «Aisha», «Alaıym zhalgan» (This world is a lie), «Anki-tanki», «Aulienın ak kuii» (The sacred one’s white kui) and many others.
Esbai Balustauly’s dombra is a two-stringed, 19-fret, teardrop-shaped musical instrument made from a single piece of wood. The fingerboard is decorated with bone inlays in seven places, and a metal ring is attached to its side. The instrument has a rich brown color. In 1988, the dombra was restored by master Vorontsov, who replaced the soundboard. In 1989, Khadzhi-Murat Kydyrbayev donated the instrument to the Museum of Folk Musical Instruments named after Ykhlas, where it remains preserved to this day.
Күйші-композитор Есбай Балұстаұлы 1842 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылы маңындағы Саркөл деген жерде дүниеге келді. Халық арасында «Тазбала» деген лақап атпен танымал болды. Батыс Қазақстан күйшілік мектебінің өкілі, халқымыздың музыка өнерінде өзіндік орны бар күйші. Әкесі Балұста он саусағынан өнері тамған зергер, дәулескер домбырашы болған.
Есбайдың күйлері көп болды. Оның ішінде «Өтті-кетті», «Бөз төбе», «Ел айырылған», «Бөгелек», «Балықшы кемпір», «Кер бұқа» сынды күйлері нотаға түскен. Шығармаларының тақырыбы да сан алуан. Заманның сипаты, қоғамдағы өзгерістер мен ел басындағы ауыртпалықтар, бостандық аңсаған халықтың арманын толғаған шығармалармен бірге романтикалық, лирикалық күйлері де мол. «Айша», «Әләйім жалған», «Әңкі-Тәңкі», «Әулиенің ақ күйі», «Балықшы кемпір», «Бегім салы», «Бес қыздың бел шешпесі», «Боз төбе», «Бөгелек», «Бұлбұл ақжелең», «Бұлды құс», «Бір ақжелең», «Ел айырылған», «Жалды қара», «Жас түлек», «Жібек шалма», «Кеңес», «Кербес қыздың жүрісі-ай», «Кер бұқа», «Қара жорға», «Манатау», «Өмір сазы», «Өттің дәурен», «Сарыкөл-самалым», «Сары алқа», «Сылаң ақжелең», «Таздың күйі», «Тартыс», «Теріс баспай», «Теріс қақпай», «Шажда қыз», «Шалқыма», «Шыбын қағар» т.б. күйлері бар.
Есбай Балұстаұлының домбырасы – екі ішекті, 19 пернелі, жұмыр шанақты музыкалық аспап. Шанағы тұтас ағаштан шауып жасалған, мойны 7 жерден сүйекпен өрнектелген. Түсі – қоңыр. Темір дөңгелекті ілгіші бар. Есбай қайтыс болған соң аспапқа оның інісі Ізбасар ие болады, Ізбасардан соң қызы Кенжеге қалады. Кейіннен аспап Хаджи-Мұрат Қыдырбаевтың қолына өтеді. 1988 жылы Воронцов деген шебер реставрация жасап, бет тақтайын ауыстырған. 1989 жылы Хаджи-Мұрат Қыдырбаев жәдігерді Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне өткізіп, қазіргі таңда аталған музейде сақтаулы тұр.