Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай «Жолы кең жазушы» атты дөңгелек үстел өтті

Алматы қаласы музейлер бірлестігіне қарасты С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені, Жазушылар одағы және Ұлттық кітапхананың ұйымдастыруымен, қазақ әдебиетінің көптеген жанрларын өркендетуге белсене атсалысып, халықтың жүрегінен кең орын алған академик-жазушы, драматург, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай «Жолы кең жазушы» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел аясында С. Мұқановтың музей-үйінің және Ұлттық кітапхана қорынан алынған бірегей экспонаттар негізінде жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Жазушы мұрасы – рухани қазына» атты көрме ұйымдастырылды. Көрермен назарына Сәбит Мұқановтың әр жылдары жарық көрген шығармалары, қолжазбалары, фотосуреттері мен сирек басылымдары ұсынылды. Бұл көрме қаламгердің өмір жолын тереңірек танып, оның әдеби мұрасын жан-жақты білуге мүмкіндік берді.