«Жаңа жыл ғажайыптары» көрмесі

2024 жылдың 24 желтоқсанында сағат 15:00-де Алматы музейінде жаңа жылдық мерекелер қарсаңында «Жаңа жыл ғажайыптары» атты көрменің ашылуы өтеді. Бұл көрме қонақтарды жаңа жылдық ғажайып әлемге жетелеп, балалық шақтың қуанышын еске түсіріп, мерекелік көңіл күй сыйлайды.
Экспозиция әйгілі коллекционер Светлана Крупконың сирек кездесетін шырша ойыншықтарының топтамасының негізінде құрылған. Ол он жылдан астам уақыт бойы жаңа жылдық ойыншықтарды жинап, әрбір экспонатты өткеннің естелігі ретінде сақтап келеді. Оның топтамасы келушілерді өткен заманға жетелеп, әртүрлі дәуірлер мен мәдениеттер тұрғысынан жаңа жылды атап өту тарихын баяндайды.
Көрмеде 200-ден аса раритеттік және коллекциялық жаңа жылдық ойыншықтар ұсынылады. Экспозиция екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде XIX–XX ғасырларда жасалған еуропалық шырша ойыншықтары қойылған. Шыныдан, фарфордан және басқа да материалдардан жасалған бұл сәнді ойыншықтар жасалған шеберлігі мен пішіндерінің әсемдігімен таң қалдырады. Екінші бөлімде келушілер кеңес дәуірінің шырша ойыншықтарын тамашалай алады. Бұл экспонаттар қонақтардың жүрегінде жылы сезімдер мен балалық шаққа саяхат жасауға мүмкіндік береді.
«Жаңа жыл ғажайыптары» көрмесі – антикварлық ойыншықтар мен әшекейлерді көру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар әртүрлі дәуірлердің мәдениетімен танысып, жаңа жылдық шынайы ғажайыпты сезіну.
Сіздерді отбасыларыңызбен бірге мерекелік көңіл күйге бөленіп, сирек кездесетін жаңа жылдық шырша ойыншықтарын тамашалауға және жылдың ең сиқырлы мерекесі қарсаңында шабыт алуға шақырамыз.
Көрме 2025 жылдың 25 қаңтарына дейін жалғасады.