Наурыз мейрамына орай Алматы метрополитенінде жерасты көлігінің жолаушылары үшін мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды

Алматы метрополитенінің «Сарыарқа», «Мұхтар Әуезов атындағы Театр», «Байқоңыр», «Алмалы», «Жібек жолы» бекеттерінде қазақ халқының зергерлік бұйымдары, этнографиялық фотосуреттері, музыкалық аспаптары, ұлттық ойындары және 1989-1990 жылдардағы Наурыз мейрамының тойлану тарихына арналған фотоосуреттер көрмесі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, метро жолаушыларына концерттік бағдарлама ұсынылды. Бағдарламада — «Жаңа Ғасыр» жастар театрының «Алматы Махаббатым» қойылымы, «Сазген сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблі, «АСУ» аспаптық ұжымы және Саят Нұрғазин мен Даурен Байбори өнер көрсетті.