Алматы қаласы тарихы музейінде «Ерліктің өшпес даңқы» көрмесінің ашылуы өтті

Алматы қаласы тарихы музейінде 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған «Ерліктің өшпес даңқы» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Көрменің мақсаты – ерлік пен отансүйгіштіктің, батырлық пен тарихи жадының мәңгілік маңызын насихаттап, батырларымыздың өмірі мен ерлігін ұмытпай, келешек ұрпаққа үлгі ету.
Көрмеге Алматы қаласы тарихы музейі мен Алматы қаласы «Жауынгерлік даңқ» музейінің қорынан алынған бірегей жәдігерлер ұсынылған. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің фотосуреттері, құжаттары мен марапаттары, майданнан келген хаттар, соғыс жылдарындағы оқ-дәрілер қойылды. Сонымен қатар, Кеңес Одағының Батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының жеке заттары мен сирек кездесетін фотосуреттері, атақты мерген Төлеуғали Әбдібеков және генералдар Бахадурбек Байтасов пен Жеңіс шеруіне қатысушы Андрей Платаевтың әскери киімдері, марапаттары көрермен назарына ұсынылды.
Көрме 11 мамырға дейін жалғасады.