АЛҒАШ РЕТ ҚАЗАҚСТАНДА БЕЛГРАД ҚАЛАСЫ МУЗЕЙІНІҢ КӨРМЕСІ!

Сіздерді 2025 жылдың 3 қазан күні сағат 15:00-де Алматы музейінде өтетін Сербия Республикасы, Белград қаласы музейінің «Серб әйелі: ғасырлар тоғысында» атты көрменің салтанатты ашылуына шақырамыз!
Экспозицияда Белград қаласы музейінің қорынан алынған құнды жәдігерлер – ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі археологиялық артефактілер, этнографиялық экспонаттар, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, сондай-ақ XIX ғасырдағы серб әйелдерінің портреттері ұсынылады.
Көрме 15 қарашаға дейін жалғасады.
Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 132