Орыс әдебиетінің классиктері қазақ жерінде

21 қараша Алматы музейінде А. Пушкин музейі, Ф. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі және М. Шолоховтың мемориалдық музейінің қорынан дайындалған «Орыс әдебиетінің классиктері қазақ жерінде» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті.
Экспозицияда А.С. Пушкиннің жеке заттары, сирек кітаптар мен құжаттар, Ф.М. Достоевскийдің Семейдегі кезеңіне қатысты фотосуреттер, хаттар мен тұрмыстық заттар және М.А. Шолоховтың жеке заттары, хаттары, қолжазбалары, сондай-ақ оның Қазақстанмен байланысын көрсететін материалдар ұсынылды.
Көрермендер XIX ғасырдың екінші жартысындағы Семей қаласының келбетін, Пушкиннің Орал өңіріне сапарын, Шолоховтың қазақ жеріне қатысты пікірлері мен шығармашылық деректерін тамашалай алады.
Көрменің мақсаты – А.С. Пушкин, Ф.М. Достоевский және М.А. Шолоховтың қазақ жерімен тарихи-мәдени байланыстарын жан-жақты таныстыру, олардың шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау және мәдениетаралық диалогты нығайту. Сонымен қатар, бұл көрме музей ісіндегі өзара ынтымақтастықтың да жарқын көрінісі.
Аталған көрме 15 желтоқсанға дейін жалғасады.


.png)