Алматы метробекеттерінде фотокөрмелер

Наурыз мейрамы аясында 21-23 күндер аралығында Алматы метрополитенінің бекеттерінде Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, Алматы қаласы музейлер бірлестігінің ұйымдастыруымен фотокөрмелер көрермен назарына ұсынылды.
Көрмеге қойылған фотосуреттердің ауқымы кең – ұлттық ойындар, зергерлік бұйымдар мен наурыз мейрамының мерекелік сәттерін бейнелейтін көріністерге дейін қамтиды.
Сонымен қатар қазақша күрес, бәйге, арқан тарту сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарыстардың көріністері ұсынылған.
Алматы метрополитенінің бекеттерінің бірінде 1980-жылдардың соңында Алматыда және республика қалаларында Наурыз мейрамын қайта жаңғырту кезеңін бейнелейтін фотосуреттер көрмесі ұсынылған.



.png)