Алматы қаласы музейлерінің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған «Алматы музейлері: Тарихқа саяхат» атты баспасөз туры

Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» және Алматы қаласы туризм басқармасына қарасты «Almaty Tourism Bureau» ұйымдастыруымен Бірлестік құрамына кіретін музейлер бойынша баспасөз-туры өткізілді.

Қала күні аясында Алматы қаласы музейлер бірлестігі ұйымдастырған «Мен Алматы қаласының тарихын білемін» қалалық байқау өз мәресіне жетті.

Қыркүйектің 1-15 аралығында өткен 3 кезеңнен тұрған байқауға Алматы қаласының жалпы білім беретін лицей мен гимназияларының 9-11 сынып оқушылары қатысты.

Қала күніне орай, Алматы музейінде 13 қыркүйек күні сағат 15.00 де «Өткен тарих ізімен» атты интеллектуалды квест ойыны өткізіледі.

Квест ойынына қала студенттері мен оқушылары қатыса алады. Квест ойыны - Алматы қаласының тарихымен тереңірек танысуға мүмкіндік береді.

13 қыркүйек күні сағ. 19.00-22.00 аралығында «Таспаға түскен тарих» тақырыбында аспан асты кинотеатры ұйымдастырылады.

Іс-шара «Қазақфильм» киностудиясы мен «Samsung Electronics Central Eurasia» компаниясының қолдауымен Алматы музейінің ауласында, ашық аспан астында өтеді.