Ақпан айында Алматы қаласы музейлер бірлестігінің 6 қызметкері Түркия елінің Ыстанбұл және Анкара қалаларында орналасқан жетекші музейлерде өзара тәжірибе алмасып, біліктілігін арттыру курсынан өтеді.

Біліктілікті арттыру курсы Түркия Республикасының Мәдениет және Туризм министрлігі мен «ТҮРКСОЙ» ұйымының қолдауымен ұйымдастырылады.

Нұрғиса Тілендиевтің 100- жылдығына арналған салтанатты кеш өтті

2025 жылғы 24 қаңтарда Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Қонаев қаласының Мәдениет үйінде көрнекті композитор, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай салтанатты кеш өтті.

Алматы музейінде Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдығына орай «Атамекен» – ел рухы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

«Бұл көрме музейдің барлық келушілері үшін қызықты болады деп ойлаймын, себебі әкем – Ескендір Хасанғалиевтің көп қырларын ашады.

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай «КЕЛ, ЕРКЕМ, АЛАТАУЫҢА» атты концерт пен фотокөрме өтті

Алматы қаласы музейлер бірлестігінің құрамына кіретін Нұрғиса Тілендиев мемориалдық музейінің қоры ұйымдастырған фотокөрме композитордың өміріндегі маңызды сәттерін бейнелейтін бірегей мұрағаттық фотосуреттерді ұсынды.