Адырна

Адырна сан ғасырды артта қалдырып, тағдырдың талай тезінен өткен ерекше аспаптардың бірі. Адырна аспабының тұрқы алғашқыды батырлардың басты қаруының бірі – садақ секілді болып, кейін келе бұғы, марал, киік, бөкен сынды аңдардың тұрқына ұқсатылып жасалды. Аспапта ойналған кез келген әуез адам жүрегінің нәзік иірімдерін дөп басып, көңіл күмбезіне орнайды. Сондықтан, қадалған жерін ойып түсер қарудың адуынын еске түсіргендіктен де осылай аталса керек. Адырна – көп ішекті қазақтың шертпелі аспабы. Оны тізенің үстіне немесе екі аяқтың ортасына қойып, иыққа тіреп шертіп ойнайды. Адырнаның бетін көн терімен қаптайды, өйткені шанағы қуыс болып келеді. Жан-жануарлардың пішініне ұқсас болып келгендіктен мүйізі мен құйрығының екі ортасына көптеген ішектер жүргізеді. Адырнамен фольклорлық, яғни ауызекі қолданыспен жеткен әуендер немесе шығармаларды, кейде шағын күйлерді, кейде тіпті бір күйдің жетегінде қосымша үн қосу үшін де пайдаланады.Адырнаның құлақтары арқылы ежелгі замандағылар ести білген деп сенген. Оның құлақтары арқылы ішектері жүргізіледі. Аспап ойнаушының қай қолмен тартатындығына көңіл бөлмейді, оны оңқай да, солақай да іліп тартып немесе шертіп те ойнай алады. Ең бастысы – аспаптың үнін бұзбай, шебер орындай білсе болғаны.

Дауылпаз

Дауылпаз – қазақтың ұрып ойналатын көне саз аспабы. Ертеректе бұл аспап соғыс құралы ретінде айбар беріп, қыр көрсету үшін қолданған. Бертін келе дауылпазды аңшылық пен құсбегілікке де пайдаланатын болған.

Дауылпаздың бұл үлгілерін 1933–34 жж. шамасында белгілі қолөнер шебері Қ. Қасымов, композитор А. Жұбанов, дирижер
Ш. Қажығалиевтердің ұсыныстары бойынша жасалды. Жетілдірілген дауылпаздың жан-жағында терісін босатып не керіп тұратын, дыбысын жоғарылату немесе төмендету үшін жасалған арнаулы құлақтары бар. Ежелгі дауылпазда бұл бөлшектер болмаған.

Халықтың тұрмысында бұл аспаптардың екеуі де дабыл қағып, сигнал беру үшін пайдаланылған. Олардың аңға шыққанда да көп пайдасы тиіп отырған. Бұрынғы заманда негізінен аңшылықта қолданылған дауылпаз 1934 жылы тұңғыш рет дирижер, академик Ахмет Жұбановтың енгізуімен Құрманғазы атындағы қазақтың халық аспаптары оркестрінде ұрып ойналатын музыкалық аспап ретінде пайдаланылды. Аспаптың одан әрі жетілдірілуі осы оркестрмен байланысты болды.

Аспаптың жасалу технологиясы
Дауылпаз – қазақ ұрмалы аспаптарының қатарына кіреді. Оны ұрып қана қолданғандықтан, кез келген күшке шыдас беру үшін тұрпаты қатты үйеңкі, қарағай, қайың секілді ағаштардан тұтас ойып жасаған.

Shyndauyl

Shyndauyl is a percussion musical instrument of the Kazakh people. This is one type of dauylpaz (traditional war drum) and the size of it may vary. In ancient times, it was used by hunters. Today, a modernized version of the instrument can be found in folk orchestras and ensembles.

According to Academician A. Kh. Margulan of the Academy of Sciences of the Kazakh SSR, shyndauyl is a variation of the dauylpaz. In his research, he notes: «Dauylpaz was mainly used in falconry, while shyndauyl had a military and ceremonial character and was used during drive hunts.»

Construction of the Instrument
The instrument is made of brass. A leather membrane is stretched over one side, and a ring is attached at the bottom to hold decorative multicolored threads. The metal body is adorned with ornamental designs. The performer wears the instrument on the side using a strap. Shyndauyl produces a distinctive, powerful sound with a rich tonal color.

Шыңдауыл

Шыңдауыл – ұрмалы музыкалық аспап. Шыңдауыл дауылпаздың бір түрі. Шыңдауыл көлемі жағынан әр түрлі болып келеді. Ертеректе шыңдауылды аңшылар пайдаланған. Қазіргі кезде шыңдауылдың жетілдіріліп жасалған түрі халық оркестрлері мен ансамбльдерде қолданылады.

Қазақ ССР-і Ғылым академиясының академигі Ә. Марғұлан шыңдауыл дауылпаздың бір түрі болып табылады деп, тұрмыста қалай қолданылатыны жайында былай жазады: «Дауылпаз көбінесе қаршығамен аңға шыққанда қолданылса, ал шыңдауыл – әскери-парадтық сипат алып, аңдарды көптеп үйіріп, қаумалап аулау кезінде пайданылған».

Аспаптың жасалу технологиясы
Шыңдауылдың шанағы металдан жасалып, шанағының бір жағы көнмен қапталады, ал оның астыңғы жағында түрлі түсті жіптен тоқылған бау өткізетін шығыршығы болады. Металдан жасалған шанағы ою-өрнекпен безендіріледі. Шыңдауыл аспабын бүйір жағына бекітілген қайыстан ұстап тұрып, көн теріні ұрып ойнайтын болған. Шыңдауылдың өзіне тән дыбыс күші, бояуы бар.