Адырна

Адырна сан ғасырды артта қалдырып, тағдырдың талай тезінен өткен ерекше аспаптардың бірі. Адырна аспабының тұрқы алғашқыды батырлардың басты қаруының бірі – садақ секілді болып, кейін келе бұғы, марал, киік, бөкен сынды аңдардың тұрқына ұқсатылып жасалды. Аспапта ойналған кез келген әуез адам жүрегінің нәзік иірімдерін дөп басып, көңіл күмбезіне орнайды. Сондықтан, қадалған жерін ойып түсер қарудың адуынын еске түсіргендіктен де осылай аталса керек. Адырна – көп ішекті қазақтың шертпелі аспабы. Оны тізенің үстіне немесе екі аяқтың ортасына қойып, иыққа тіреп шертіп ойнайды. Адырнаның бетін көн терімен қаптайды, өйткені шанағы қуыс болып келеді. Жан-жануарлардың пішініне ұқсас болып келгендіктен мүйізі мен құйрығының екі ортасына көптеген ішектер жүргізеді. Адырнамен фольклорлық, яғни ауызекі қолданыспен жеткен әуендер немесе шығармаларды, кейде шағын күйлерді, кейде тіпті бір күйдің жетегінде қосымша үн қосу үшін де пайдаланады.Адырнаның құлақтары арқылы ежелгі замандағылар ести білген деп сенген. Оның құлақтары арқылы ішектері жүргізіледі. Аспап ойнаушының қай қолмен тартатындығына көңіл бөлмейді, оны оңқай да, солақай да іліп тартып немесе шертіп те ойнай алады. Ең бастысы – аспаптың үнін бұзбай, шебер орындай білсе болғаны.

Дабыл

Дабыл – қазақтың ұрмалы музыкалық аспабы. Дабыл ежелден дыбыс беру құралы болған. Дауысы зор болғандықтан, дабылды ертеде жаугершілікте ел шетіне жау келгенін хабарлауға, жауға аттанар жасақты жиюға қолданған.

Қазақ ауыз әдебиетінде дабыл ер жігіттің негізгі бес қаруының бірі ретінде айтылады. XVIII–XIX ғғ. жататын батырлық жырлар мен дастандарда, ғалымдардың этнографиялық жазбаларында дабыл аспабы жайлы деректер жиі кездеседі.

Аспаптың жасалу технологиясы
Дабылдың шанағы тал, қайың, тораңғы секілді ағаштардан дөңгелек шеңбер түрінде иіліп, оған тері қапталып жасалады. Алып жүруге ыңғайлы болуы үшін қайыс бау немесе ағаш тұтқы бекітіледі. Дабыл арнайы қол шоқпармен ұрып ойналады. Дабылдың екі түрлі үлгісі сақталған. Оның бірі – шеңбер аумағы 1 м 56 см-лік фольклорлық мақсатта көне аспаптар ансамблі үшін қолданылатын шағын түрі, екіншісі – шеңбер аумағы 3 м 40 см. Оның екі жағын қаптауға екі түйенің терісі жұмсалады. Даусы 3–4 шақырым жерге дейін естіледі, даусы күркіреген күндей зор. Мұны дайындау дабылды жасау әдіс-тәсілімен бірдей.

Kol dabyl

A traditional Kazakh percussion musical instrument. Since ancient times, it has been used as a signaling device. Its sound depends on the thickness of the leather, the degree of tension (tight or moderate), and whether it is stored in a specially designed case. The body of kol dabyl is made from flexible types of wood such as willow, birch, or poplar.

Қол дабыл

Қол дабыл – қазақтың ұрмалы музыкалық аспабы. Қол дабыл ежелден дыбыс беру құралы болған. Дауысы – терінің жұқа немесе қалыңдығына, терінің қатты немесе орташа керілуіне және арнайы жасалған қорапта сақталуына байланысты болып келеді. Қол дабылдың шанағы тал, қайың, тораңғы секілді иілуге көнетін ағаштардан жасалады.

Kos dunkildek

Kos dunkіldek is a percussion musical instrument of the Kazakh people, notable for its relatively complex structure. It shares cultural and musical roots with a similar instrument known among Uzbeks as "kos". According to a legend preserved in oral tradition, Alexander the Great once summoned 400 scholars and ordered them to create an instrument whose sound could be heard from several kilometers away. The result of their efforts was an instrument named kos dunkіldek.

Making the Instrument
The body of the instrument is hollow and covered with calfskin. Craftsmen stretch a thin hide on one side and a thicker hide on the other, allowing the instrument to produce two distinctly different tones when struck. This duality is intentional and essential for generating varied percussive sounds. The body is traditionally made from dense types of wood such as birch, oak, or pine. A special core is inserted inside the body to enhance resonance. The instrument can be played in multiple positions: placed horizontally, held on the knees, or even worn around the neck.

Қос дүңкілдек

Қос дүңкілдек – қазақ халқының соқпалы-шулы музыкалық аспабы. Қос дүңкілдек – сипаты мен жасалу әдіс-тәсілі жағынан күрделі аспаптың бірі.

Қазақтар қос дүңкілдек, өзбектер «кос» деп аталатын соқпалы аспап тарихы екі елге де ортақ. Мәселен, өткен ғасырлардағы жиһангез-саяхатшылардың бірі В. Крестовский этнографиялық осы аспапқа байланысты мынадай деректер қалдырған: «Александр (Ескендір Зұлқарнайын) Иран мен Тұран өлкесін жаулап алған кезде 400 ғалымды жинап алып дауысы бірнеше шақырым жерге дейін естілетін аспап ойлап табуды бұйырады. Мұндай аспап жасалып, оған «қос дүңкілдек» деген атау беріледі.

Аспаптың жасалу технологиясы
Шанақ іштері қуыс, беті бұзау терісімен қапталады. Шеберлер оның бір бетін жұқа терімен, екіншісін қалыңдау етіп керіп жасайды. Екі бетіндегі керілген тері-жарғақты ұрса, екеуінен екі түрлі дүңкілдеген үн шығады. Бұл әдіс аспаптан екі түрлі дыбыс беруге лайықталған. Шанақтары қайың, емен,қарағай секілді қатты ағаштардан жасалады. Дыбыс жаңғырығын қамтамасыз етіп отыратын өзегі салынады. Дүңкілдекті көлденең жатқызып та, тізеге қойып та, мойынға салып та ойнай береді.