Адырна

Адырна сан ғасырды артта қалдырып, тағдырдың талай тезінен өткен ерекше аспаптардың бірі. Адырна аспабының тұрқы алғашқыды батырлардың басты қаруының бірі – садақ секілді болып, кейін келе бұғы, марал, киік, бөкен сынды аңдардың тұрқына ұқсатылып жасалды. Аспапта ойналған кез келген әуез адам жүрегінің нәзік иірімдерін дөп басып, көңіл күмбезіне орнайды. Сондықтан, қадалған жерін ойып түсер қарудың адуынын еске түсіргендіктен де осылай аталса керек. Адырна – көп ішекті қазақтың шертпелі аспабы. Оны тізенің үстіне немесе екі аяқтың ортасына қойып, иыққа тіреп шертіп ойнайды. Адырнаның бетін көн терімен қаптайды, өйткені шанағы қуыс болып келеді. Жан-жануарлардың пішініне ұқсас болып келгендіктен мүйізі мен құйрығының екі ортасына көптеген ішектер жүргізеді. Адырнамен фольклорлық, яғни ауызекі қолданыспен жеткен әуендер немесе шығармаларды, кейде шағын күйлерді, кейде тіпті бір күйдің жетегінде қосымша үн қосу үшін де пайдаланады.Адырнаның құлақтары арқылы ежелгі замандағылар ести білген деп сенген. Оның құлақтары арқылы ішектері жүргізіледі. Аспап ойнаушының қай қолмен тартатындығына көңіл бөлмейді, оны оңқай да, солақай да іліп тартып немесе шертіп те ойнай алады. Ең бастысы – аспаптың үнін бұзбай, шебер орындай білсе болғаны.

Дутар

Дутар – ішекті-шертпелі аспап. Оның жалпы ұзындығы шамамен 90 см. Өзбек, тәжік дутарларынан айырмашылығы – түркмен дутарының өлшемдері кішірек, корпусы ойып жасалған, мойны салыстырмалы түрде қысқа.

Дутар – түркмендердің халықтық аспабы, халық жыршылары – бахшилердің серігі. Бұл аспапта ән сүйемелдейді, түрлі аспаптық шығармалар мен дутарға арналған туындылар орындалады. Бахшилер бірнеше сағатқа созылатын, проза мен поэзиясы кезектесіп келетін шығармалар – дастандарды осы дутармен орындайды.

1940 жылдары Түркмен мемлекеттік халық аспаптары оркестрінде квартаға келтіріліп, плектрмен ойналатын бас дутарлар енгізілді.

Komuz

Komuz is a traditional three-stringed plucked musical instrument of the Kyrgyz people. It is a lute-type instrument with a long, narrow neck. The neck, which has no frets, and the pear-shaped body are carved from a single piece of wood. The total length of the instrument is approximately 90 cm.

The earliest known references to the komuz date back to the writings of Sima Qian (201 BCE). Komuz is also mentioned in the Oghuz epic "The Book of Dede Korkut" (9th–10th centuries), and it has remained widely used to this day in both professional music (performers are known as komuzchi) and everyday life, often accompanying poets and oral performers. One of the most prominent poet-komuzchi of the 20th century was Toktogul Satylganov. In modern practice, komuz is performed both as a solo instrument and as part of Kyrgyz folk instrumental ensembles.

Typologically, the Kyrgyz komuz is closely related to other regional instruments such as the Azerbaijani gopuz, Bashkir dumbyra, Turkish gopuz, Kazakh dombra, Khakas khomys, Yakut tangsyr, and others.

Комуз

Комуз – қырғыз халқының үш ішекті шертпелі музыкалық аспабы. Лютня типтес, ұзын жіңішке мойынды. Пернесіз мойын мен алмұрт пішінді корпусы тұтас ағаштан шауып жасалады. Аспаптың жалпы ұзындығы
90 см.

Қырғыз халқының бұл аспабы туралы алғашқы деректер Сыма Цзяннің б.з.б. 201 ж. еңбектерінде кездеседі. Комуз, сонымен қатар, оғыздың Қорқыт ата кітабында IX–X ғғ. аталады және бүгінге дейін кәсіби өнер мен тұрмыста кең таралған, ақындардың шығармашылығын сүйемелдеген, мысалы, XX ғ. ірі ақын-комузчи Токтогул Сатылганов. Заманауи тәжірибеде жеке орындаушылықпен қатар, аспап қырғыз халық аспаптар ансамбльдерінде қолданылады.

Қырғыз комузына типологиялық тұрғыда туыстас аспаптар – әзірбайжандық гопуз, башқұрттың думбырасы, түріктің гопузы, қазақтың домбырасы, хакастың хомысы, якуттардың тангсыр және басқа да аспаптар.