Asatayak

Asatayak is an ancient musical instrument of the Kazakh people. Historically, it was used by priests and shamans during rituals and spiritual ceremonies. In such contexts, it often accompanied other sacred instruments like the kylkobyz and dauylpaz.

Mentions of the asatayak appear in the works of ethnographers and scholars such as G.M. Bronevsky, P. Beketov, R.A. Pfenning, Ch. Valikhanov, B. Sarybayev, among others. Today, the asatayak has found a renewed life in folklore and ethnographic orchestras and ensembles, including “Otyrar Sazy,” “Sazgen,” “Sherter,” and others.
Construction of the Instrument
Depending on its design, the asatayak may take on various forms — dome-shaped, flat-headed, crescent-shaped, snake-headed, elongated, or scoop-like. It is typically played by shaking or jingling it in rhythm. The instrument is usually made from durable woods such as oak, maple, birch, or hawthorn. Its front is often adorned with decorative pendants, rings, and bells, contributing both to its visual and acoustic character.

Асатаяқ

Асатаяқ – қазақ халқының ежелгі музыкалық аспабы. Асатаяқты абыздар мен бақсылар ұстанған. Бақсылар асатаяқты қылқобыз бен дауылпаз үніне қосып қолданатын болған. Асатаяқ туралы деректер Г.М. Броневский, П. Бекетов, Р.А. Пфеннинг, Ш. Уәлиханов, Б. Сарыбаев т.б. зерттеуші-этнографтардың еңбектерінде кездеседі. Асатаяқ қазіргі кезде «Отырар сазы», «Сазген», «Шертер» т.б. музыкалық фольклорлық-этнографиялық оркестрлер мен ансамбльдерде қолданады.
Аспаптың жасалу технологиясы
Асатаяқтың жасалу тәсіліне қарай «күмбезді», «жалпақ басты», «ай басты», «жылан басты», «сопақша», «қалақша» т.б. болып келеді. Оларды ырғақтатып, сілкіп, шайқап ойнайды. Асатаяқ емен, үйеңкі, қайың, долана секілді қатты ағаштардан жасалады. Бетіне әр түрлі шулы дыбыс беретін темір салпыншақтар, сақиналар, шығыршықтар тағылады.

Muyiz kakpa

Muyiz kakpa is a percussion musical instrument traditionally made from a cow horn. It comes with a wooden striker used to produce sound.

Мүйіз қақпа

Мүйіз қақпа – ұрмалы-шулы музыкалық аспап. Аспапты жасауда сиыр мүйіздері қолданылады. Ұрып дауысын шығару үшін қолданылатын ағаштан жасалған кішкене балғашығы болады.

Konyrau

Konyrau is a musical instrument that was often used in the past to accompany folk songs and kuis (traditional instrumental compositions). It was used by kylkobyz players, shankobyz players, and also shamans. Dombra and kylkobyz players would attach the konyrau to the head, neck, or inside their instruments. Shankobyz players wore small bells on their fingers. These bells would produce sound when the player moved the shankobyz’s tongue with their finger. Shamans attached bells to the asatayak or kylkobyz, using them for healing purposes. Occasionally, they would shake the bells to amplify the sound of the kylkobyz or their own voice.

Konyrau was frequently used in customs, religious traditions, celebrations, and everyday life. Today, the sound of the bell continues to be used as music in orchestras such as Otyrar Sazy, Sazgen, and others. Making the Instrument
This instrument was made from corrosion-resistant materials such as brass, bronze, and melchior (nickel silver). Thanks to the attached internal tongue, the instrument can demonstrate a variety of sounds. The pitch depends on the density of the material. The number of tongues (internal clappers) can range from one to several. By external appearance and structure, the instrument is referred to as “zhylan bas” (snake-headed bell) or “ushburyshty konyrau” (triangular bell). The snake-headed bell is made by carving a snake figure out of wood, attaching several small bells, and playing it with a brass stick.

Қоңырау

Қоңырау – бұрын халық өнерпаздары көп қолданған музыкалық аспап. Ол халық әндері мен күйлерін сүйемелдеу үшін қолданылған. Оны қылқобызшылар, шаңқобызшылар, сондай-ақ бақсылар да пайдаланып келген. Домбырашылар мен қылқобызшылар қоңырауды аспаптың басына, мойнына немесе шанақтың ішіне іліп қоятын болған. Ал шаңқобызда ойнаған әйелдер шағын қоңырауды саусақтарына іліп алатын болған. Мұндайда қоңыраудың даусы шаңқобыздың тілшесін тартқылап отырған саусақтың қимылына орай шығады. Бақсылар қоңырауды асатаяқ пен қылқобыздың басына ілген, сөйтіп, оны өздері емдік жораларын орындаған кезде қолданған. Олар ара-арасында қоңырауды сілкілей отырып, қылқобыздың үнін немесе өзінің сарнаған даусын күшейте түсетін болған.

Қоңырау аспабы кезінде салт-жоралғы, діни әдет-ғұрыптар кезінде, мереке, мейрам шақтарында жиі қолданылған. Аспап «Отырар сазы», «Сазген» т.б. ұлттық дәстүрді насихаттаған оркестрлерде қолданыста. Аспаптың жасалу технологиясы
Қоңырау аспабын тот баспайтын жез, қола, мелхиор секілді металдардан жасаған. Ерекше пішінге түскен аспаптың ішіне тілше қадаған. Осы тілшесі арқылы қоңырау өз қасиетін көрсете алған. Ал қоңырау үнінің жуан, жіңішкелігі оның металының қалың, жұқалығына байланысты болған. Аспаптың жасалу әдісі мен құрылысы, сыртқы тұрқына байланысты «Жылан бас», «Үшбұрышты қоңырау» деп атайды. Жылан бас қоңыраудың тұрқы былайша келеді: жыланның бейнесін ағаштан жасап алып, оған бірнеше қоңырау іліп, жез таяқшамен қағып ойнайды.

Sakpan

Sakpan is an instrument traditionally used by shepherds in their daily life. It is sometimes referred to as zyryldauyk. Sakpan, along with related instruments such as shartyldauyk and zymyrauyk, originated based on the zyryldauyk. Sakpan is one of the revered instruments of the Kazakh people and belongs to the category of shaken idiophones.

This instrument is often featured in orchestras such as Sazgen, Adyrna, and Otyrar Sazy. Sakpan was revived in the musical ensemble by Nurgisa Tlendiev, who contributed significantly to enriching the orchestra with rare and unique examples of Kazakhstan’s musical heritage.

Sakpan is made from hardwoods such as cotoneaster, saxifrage, and fruit trees. While the technique of making the instrument is simple, any musical piece accompanied by the sakpan can delight the listener’s ear. It measures about 10–15 cm in length and 2–3 cm in width. Crafting it does not require exceptional skill and can be done by any craftsman. Thin wooden plates are carved and strung onto a thread or wire. When arranged correctly, a small gap remains between the plates, which helps improve the sound quality.

Сақпан

Сақпан аспабын бастапқыда бақташылар мен малшы-шопандар мал қайыру мақсатында алғаш кәдеге жаратқан. Сақпан аспабын кейде «зырылдауық» деп атайды. Шындығында зырылдауық сақпанның ең алғашқы нұсқасы десе де болады. Сақпан – қазақ үшін қастерлі аспаптардың бірі. Аспап сілкімелі музыкалық мұралардың қатарына кіреді.

Сақпан «Сазген», «Адырна», «Отырар сазы» секілді ұлттық дәстүрді насихаттаған оркестрлердің құрамында жиі кездеседі. Сақпан аспабын бүгінгі ұрпақпен қауыштырған – Нұрғиса Тілендиев еді. Қазақ сахарасын кезіп, осындай заты асыл өнер туындыларын іздеп тауып, оркестрге енгізіп, қазақ музыкалық аспаптарының қатарын толықтыруға өзіндік үлесін қосқан болатын.

Сақпан қатты ағаш тұқымдарынан: тобылғы, тасжарған, жеміс ағаштарынан жасалады. Аспапты жасау техникасы күрделі емес, дегенмен сақпанмен сүйемелденген кез келген шығарма тыңдаушының құлақ құрышын қандыра алады. Оның ұзындығы 10–15 см, ені небәрі 2–3 см. Сақпанды жасау үшін аса шеберлік қажет емес, оны кез келген ұста дайындай алады. Ағаштан жұқа тақтайшалар кесіліп, жіпке не сымға тізіледі. Олар бір-біріне сәйкес келгенде, арасында аздаған саңылау қалуы керек. Бұл дыбыс сапасының жақсаруына ықпал етеді.

Shankobyz

Shankobyz is an ancient Kazakh musical instrument. At the center of the instrument lies a pointed metal reed (tongue). A string is attached to the instrument, and by pulling or plucking it, the reed is set in motion, producing sound. There are also versions of the shankobyz made from iron. Historically, it was primarily played by women. The tuning of the instrument depends on the length and thickness of the reed.

Historical records indicate that by the second half of the 19th century, the shankobyz was found in all regions of Kazakhstan. The instrument is also widespread among Slavic and Turkic peoples, which contributed to its long preservation in Kazakh musical culture. In earlier times, the shankobyz was considered an instrument for women and children. There are several musical pieces composed specifically for it, such as Kyz Uzatu, Kyz zary, Kyz muny, and Shankobyz tolgauy.

The instrument’s construction is relatively simple and comes in various sizes. Both ends are pointed, and a reed resembling a lyre is mounted in the center. The end of the reed is bent into a rectangular shape, allowing it to vibrate when struck or plucked. The reed is anchored to the frame. During performance, the player’s cheeks act as a resonator, amplifying the sound.

Шаңқобыз

Шаңқобыз – бұл көне музыкалық аспап. Оның ортасында сүйір тілше болады. Шаңқобыз өңделген ағаш таспалардан жасалады. Шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы тілше тербеліске келтіріледі де, дыбыс шығады. Мұндай аспаптардың темір текшелерінен де жасалған түрлері бар. Бұл аспапта көбінде әйел адамдар ойнайтын болған. Аспапты күйге келтіру тілшенің ұзындығы мен қалыңдығына байланысты.

Шаңқобыз аспабы ХІХ ғасырдың екінші жартысында еліміздің әр өңірінде кездескендігі жөнінде дәлелдемелер бар. Шаңқобыз – көптеген ұлттарға тараған төл аспап: орыс, украин, татар, башқұрт, қалмақ, алтай, хакас, тува, якут, чуваш, мари, өзбек, ұйғыр, қарақалпақ, түркімен, дүңген, қырғыз халықтары арасына кеңінен тараған. Көршілес халықтарда кең тарауы оның Қазақстанда да көпке дейін сақталып келуіне себепші болған. Ертеде шаңқобыз кішкентай балалар мен әйелдер аспабы болған. Шаңқобызға арналған «Қыз ұзату», «Қыз зары», «Қыз мұңы», «Шаңқобыз толғауы» сияқты шағын күйлер шығарылған.

Шаңқобыздың құрылысы күрделі емес. Оның көлемін әр түрлі етіп жасайды. Ол екі жақ ұшы сүйірленген, ортасында жіңішке тілі бар лираға ұқсайды. Тілшенің ұшы тік бұрыштала иілген, ол тілшені шалып тербеліске келтіруге арналған. Тілшенің екінші ұшы жиекке бекітілген. Тілшенің тербелуіне ештеңе бөгет жасамауы тиіс. Ойнау кезінде ауыздың екі ұрты резонатор қызметін атқарып, дыбысты күшейтеді.

Shartyldauyk

Shartyldauyk is an ancient musical instrument of the Kazakh people. Its name derives from the sharp, snapping sound it produces ("shart-shart"). Originally used by herders, the instrument later found its place as accompaniment for songs.

To make the instrument, two rawhide strips, each 30–40 cm long and 5–6 cm wide, are layered one on top of the other and secured with a clasp. A small wooden board, 12–14 cm in length and 2–2.5 cm in diameter, is then cut with a slit. The clasp is attached into the slit, and a small metal tube is placed over the connection point, fixed into a pre-carved notch. The metal tube not only strengthens the joint but also adds a decorative touch.

Шартылдауық

Шартылдауық – қазақтың көне музыкалық аспабы. Атауы «шарт–шарт» етіп дыбыс шығаратындықтан қалыптасқан. Шартылдауықты мал айналысқан қазақ халқы кеңінен пайдаланып, әнді сүйемелдеу үшін қолданған.
Аспаптың жасалу технологиясы
Шартылдауықты жасау үшін ұзындығы 30–40 см, ені 5–6 см болатын екі қайыс таспа тілінеді де, бір-біріне қабатталып, екі ұшы ажырап кетпес үшін металл қапсырмалармен бекітіледі. Одан кейін ұзындығы 12–14 см, диаметрі 2–2,5 см ағаш жонылып, оған тілік жасалынады. Қапсырма жетесі тұтқадағы тілікке дәлдеп кигізіледі де, үстінен тұтқа диаметріне сай металл түтікше кигізіліп, алдын ала тесілген тесік арқылы шегеленеді, тойтарылады. Металл түтікше қиылысқан буынға беріктік беріп, оның көркемдігін арттыра түседі.

Tuyaktas

Tuyaktas is a musical instrument known for its distinctive and evocative sound. It was often used in traditional Kazakh rituals and ceremonies. One of its significant roles was accompanying the bride’s lament during farewell rites. The instrument produces astonishing sounds — one can hear the flowing of water or the galloping of a horse.

Today, tuyaktas performs alongside other instruments in orchestras and ensembles, holding its place as a recognized and expressive musical voice.

Crafting the instrument is relatively simple and does not require much time. It is usually made from horse hooves. The hooves are first separated and then boiled until the outer shell detaches and the internal bone weakens. After that, they are cleaned and dried under the sun. The finished instrument can be decorated according to personal taste. Many performers gild it, plate it with silver, or apply various ornamental patterns, all of which enhance its resonance. Sometimes a leather strap is attached. To further sharpen the sound, some craftsmen drill holes in the instrument.

Тұяқтас

Тұяқтас – қазақ тұрмыс-салтында ежелден бар, тұрпаты өте қарапайым, үні ерекше музыкалық аспап. Аспап қазақы салт-дәстүр, жоралғыларда кеңінен қолданылған. Кезінде ұзатылар қыздың сыңсу әніне сүйемел де болған. Елін қимай кетіп бара жатқан қыздың жүрек назын айқын жеткізіп, тыңдаған жанның сай-сүйегін сырқыратқан. Тұяқтас небір ғажайып үндерді туындатқан. Оның соғылуымен шауып келе жатқан аттың дүбірі келеді құлаққа. Оның сүйемелімен судың сылдырап аққан даусын ести аламыз.

Тұяқтас аспабын жоғалған немесе жаңарған аспаптардың қатарына жатқыза алмаймыз. Аспап бүгінде ұлттық дәстүрлі ансамбльдер мен оркестрлерде бір аспаптай өнер көрсетіп, тамаша туындыларды сүйемелдеп келеді.

Аспаптың жасалуы тәсілі қиындық тудырмайды. Аспапты көбіне тек жылқының тұяғынан, соның ішінде жаңадан сойылған жылқының тұяғынан жасайды. Тұяғы кесіліп алынған жылқы тұяғы ыстық суда тұяқтың ішкі сүйегі босап, сыртқы қабығы бөлектенгенше әбден қайнатылады. Қайнауы қанған тұяқтың ішін тазалап, күн көзіне кептіреді. Аспаптың жасалуы өте көп уақытты да алмайды. Ойнауға дайын аспапты патша көңілді жандар қалай өрнектеп, әсемдеймін десе де өз еркілері. Көп өнерпаздар аспапқа күміс немесе алтын жалатып, жиек жасайды. Оның сыртын да қаптап жатады. Ол тұяқтастың үнін еселемесе, кемітпейді. Кейде жоғалып қалмасын деген мақсатпен аспапқа қайыс бау да тағып қояды. Әр түрлі ою-өрнектер жүргізіледі. Тұяқтастың үні анық болу үшін кейбір шеберлер оның түбіне ойық та жасайды екен.

Zyryldauyk

Zyryldauyk is one of the ancient musical instruments of the Kazakh people. In the past, shepherds and herders used it to drive livestock back to the herd. Later, variations of this instrument such as sakpan, shartyldauyk and zymyrauyk developed into separate musical instruments. Today, these instruments can be found in ensembles of traditional musical instruments like «Sazgen», «Adyrna», as well as in the renowned «Otyrar Sazy» orchestra.

Instrument making
Crafting the instrument is a very complex and meticulous process, but playing is relatively simple. It is used to produce sudden, sharp sounds within musical compositions. Zyryldauyk was also used as a children’s toy.

Зырылдауық

Зырылдауық – қазақ халқының көне музыкалық аспаптарының бірі. Ертеде бұл аспапты малшылар мен бақташылар мал қайыру үшін қолданатын болған. Кейін зырылдауықтың «сақпан», «шартылдауық», «зымырауық» деген түрлері музыкалық аспаптарға айналды. Қазіргі кезде бұл аспаптар «Сазген», «Адырна» көне аспаптар ансамбльдері мен әйгілі «Отырар сазы» оркестрінде қолданылып жүр.

Аспаптың жасалу технологиясы
Зырылдауық аспабының жасалу әдісі күрделі болғанымен, ойнау тәсілі өте қарапайым. Ол музыкалық шығармаларда кездесетін оқыс дыбыстарды ойнау үшін қолданылады. Зырылдауық әрі балалар ойыншығы болып табылады.