Bygyshak

Bugyshak is an ancient wind musical instrument traditionally made from bones or deer antler. Unlike wind instruments crafted from reed, kurai or wood, bugyshak is more durable and better preserved over time. Its sound closely resembles the calls of marals (Asiatic red deer) and other deer species, that is why it was used as a lure to gather animals. Among the people, it is also known as the «deer caller» or «deer flute». Using its sound to gather animals, hunters attempted to tame them.

Bugyshak is carved by hollowing out a maral or deer horn and attaching a reed tongue or vibrating plate. The average length of the instrument is about 28–30 cm. In other Turkic cultures, this instrument is known by different names: among the Altai people - abyrga, among the Khakas – pyrgy.

During archaeological excavations in the 1950s–60s under the guidance of academician A.Kh. Margulan, a bugyshak made of hollowed deer antler was discovered at the ancient Tasmola settlement in Central Kazakhstan. This artifact featured a single transverse sound hole and is considered one of the oldest known types of bugyshak, made from the horn of a deer-like animal.

Бұғышақ

Үрмелі аспаптардың сүйек пен мүйізден жасалатын түрлері ертеден бері сақталған. Олар қамыс-қурай, ағаштан жасалатын үрлемелі аспаптарға қарағанда ұзақ сақталып бүгінге жетті. Соның бірі – бұғышақ. Аспаптың дыбысы марал мен бұғылардың даусына ұқсас болғандықтан жайылып жүрген маралдарды бір жерге жинау үшін қолданылған. Ел ішінде бұл аспапты «бұғы шақырғыш», «бұғы сыбызғы» деп те атайды. Оның даусы шыққан жерге жиналған маралдар мен бұғыларды аңшылар қолға үйретіп, асырайтын болған.

Бұғышақ – көне музыкалық аспап. Маралдың немесе бұғының мүйізін үңгіп, үрлейтін жағындағы ұшына дыбыс шығаратын тілше салынып жасалады. Ұзындығы 28–30 см. Алтайлықтар бұл аспапты «абырға», хакастар «пырғы» дейді.

Академик Ә.Х. Марғұланның басшылығымен 1950–60 жылдары Орталық Қазақстан өңіріндегі «Тасмоланың» ежелгі қоныс орнына жүргізілген қазба жұмысы нәтижесінде б.з.д. VII–V ғғ. жататын, мүйіз бен сүйектен жасалған бірнеше нұсқадағы үрлемелі сыбызғылар, ысқырықтар мен бұғышақ аспаптары табылды. Бұл – бұғы тектес жануардың мүйізінен жасалған бұғышақтың ең көне түрі.

Zhelbuaz

Zhelbuaz is one of the most ancient Kazakh wind musical instruments. It is mentioned in the works of Al-Farabi, who described a wind instrument called “kipchak”, resembling a flute - believed by some scholars to refer to the early form of zhelbuaz.

Traditionally, zhelbuaz was used as a mourning or lamentation instrument. It carried a sorrowful, wailing tone appropriate for funerals or expressions of grief. The instrument gained renewed attention in the modern era when it was included in the repertoire of the «Otyrar Sazy» orchestra, under the direction of Nurgisa Tlendiev.

Instrument Construction
Zhelbuaz is made from whole tanned animal hide, into which two or more sound pipes are inserted. Each pipe has its own reed and stopper. A leather strap is attached for convenient carrying. Length is 65–70 cm, width is 32–35 cm. The instrument existed in various forms and shapes, and was known under different regional names, such as: zhelkabyz, mes kobyz, zhelsaz, zhel kobyz.

Желбуаз

Желбуаз – қазақ халқының көне үрмелі музыкалық аспаптарының бірі.
Желбуаз аспабының бұл аты – жаңа замандағы жаңарған атауы.
Флейталық үрлеп ойналатын «қыпшақ» деп аталатын саз аспабы туралы әл-Фараби өз еңбегінде атап өткен екен.

Желбуаз – аза тұту, жоқтау аспабы ретінде де қолданылған. Кезінде желбуаз аспабын Н. Тілендиевтің жетелеуімен «Отырар сазы» оркестрінің құрамында сүйемелдік жасағаны белгілі.

Аспаптың жасалу технологиясы
Желбуаздың жасалуы өте күрделі. Аспапты тұтас көн теріден жасайды, негізгі дыбыс шығаратын екі немесе бірнеше түтігі болады. Әр түтікшенің өз тығыны болады. Мойынға асып жүру үшін ыңғайлы болу үшін қайыс бау тағады. Желбуаздың жалпы ұзындығы 65-70 см, ені 32-35 см болып келеді.
Желбуаздың сыртқы пішінін бір зерттеуші қауашақ секілді десе, енді бірі басы кесілген қой немесе ешкіге, енді бір жазбада меске ұқсайды дейді. Бұған қарағанда желбуаз аспабы бірнеше түрлі үлгіде жасалған секілді.
Желбуазды ел арасында «желқабыз», «мес қобыз», «желсаз», «жел қобыз», т.б. секілді атаулары бар. Бұл оның сыртқы тұрқына да байланысты пайда болған атаулар секілді.

Sybyzgy

Sybyzgy is a traditional Kazakh wind musical instrument known for its soft, natural sound and delicate timbre. It was historically made from plant materials such as hemp stalks or wild angelica (gyulyavnik).

Sybyzgy is frequently mentioned in ethnographic studies of the 18th and 19th centuries. Its tradition and significance were explored in the writings of renowned scholars and musicians including: Ch. Valikhanov, A. Zhubanov,
B. Sarybaev, A. Zatayevich, B. Yerzakovich, V. Belyaev, T. Bekhozhina,
A. Mukhambetova, S. Yelemanova, U. Bekenov, A. Raiymbergenov,
S. Amanova, as well as literary figures like M. Auezov, T. Alimkulov,
A. Seidimbek, M. Magauin, and S. Akatayev.

Construction of the instrument
Making a sybyzgy is a relatively quick process - a skilled craftsman can complete one in 10–15 minutes. A reed measuring 500–700 mm in length is cut, and three or four finger holes are carved. One end is shaped into a point to guide airflow more easily. Before playing, musicians moisten the instrument to improve sound quality.

Сыбызғы

Сыбызғы – қазақ халқының рухани өмірінде маңызды орын алған үрмелі музыкалық аспап. Ол қурайдан немесе кейде ағаштан жасалып, ерекше жұмсақ, қоңыр, табиғи үн шығарады.

XVIII–XIX ғасырлардағы этнографиялық еңбектерде сыбызғы жиі кездеседі. Бұл дәстүрді Ш. Уалиханов, А. Жұбанов, Б. Сарыбаев, А. Затаевич, С. Елеманова, У. Бекенов, А. Райымбергенов, С. Аманова сынды көптеген ғалымдар мен өнер зерттеушілері өз еңбектерінде зерттеген. Сонымен қатар, М. Әуезов, А. Сейдімбек, М. Мағауин сынды әдебиет өкілдері де сыбызғы туралы аңыздар мен деректер жазып қалдырған.

Аспаптың жасалуы:
Сыбызғыны жасау көп уақыт алмайды – тәжірибелі шебер оны 10–15 минутта жасап шыға алады. Ұзындығы 500–700 мм қурай алынып, үш немесе төрт ойық ойылады. Алғашқысы түтіктің ұшынан алақан енінде, қалғандары төрт елі қашықтықта орналасады. Дегенмен, дыбыстың тазалығы тек ойықтардың орналасуына емес, орындаушының ерін және саусақ қимылына да байланысты. Түтіктің ауыз жағы сүйірленіп жасалады, ал ойнар алдында ішін сулап алады – бұл дыбыстың анық әрі қанық шығуына әсер етеді.

Sazsyrnai

Sazsyrnai is a widely known Kazakh wind musical instrument made of clay.
During archaeological excavations in the Turkestan region, researchers discovered clay vessels, copper pitchers and a small clay instrument roughly the size of an egg with multiple holes. Local elders identified this artifact as a sazsyrnai - a traditional clay musical instrument. Among Kazakh wind musical instruments sazsyrnai is considered an advanced form due to its melodic, natural, and pleasant sound.

Instrument Construction
Modern versions of sazsyrnai are popular among performers and typically feature 5 to 6 sound holes, a diameter of 15–16 cm, and a length of 10–12 cm. The instrument is made from crushed clay, shaped into its unique form and fired in a kiln. Contemporary craftsmen often decorate the instrument with traditional ornaments and glaze its surface, making it not only functional but also visually striking.

Сазсырнай

Сазсырнай – халық ішінде кең тараған үрмелі музыкалық аспап. Түркістан облысындағы қазба жұмыстары барысында көптеген құмыралар, мыс құмандармен бірге көлемі құстың жұмыртқасындай іші қуыс, қос ойығы бар қыштан жасалған аспап табылды. Жергілікті жердің қариялары оны саздан жасалған музыкалық аспап – сазсырнай екендігін айқындады.

Үрлеп ойналатын аспаптар тобының ішінде дыбыстық сапасының әуезділігі, қоюлығы және құлаққа жағымдылығымен ерекшелінетін сазсырнай үрмелі аспаптар ішіндегі өзіндік орны бар жетілген түрі.  

Аспаптың жасалу технологиясы
Қазіргі кезде оның 5-6 жерден дыбыс ойықтары салынып, шеңбер аумағы 15-16 см, жалпы ұзындығы 10-12 см етіп дамыта жасалған нұсқалары орындаушылар арасында сұранысқа ие. Аспап сапалы саздан әбден иі қандырып иленген соң белгілі бір қалыпқа келтіріп кептіреді. Кейін белгілі температурада қыздырылған пешке салып күйдіріледі. Қазіргі кезде шеберлер оның сыртына ою-өрнек салып, сілтілік металдар ерітіндісі (глазурь) жағып жасайды.

Uskirik

Uskirik is one of the ancient wind musical instruments of the Kazakh people. It belongs to the same family as sazsyrnai, kernei, zhelbuaz and sybyzgy. The name «uskirik» is derived from its sharp, piercing sound, reminiscent of the howling winter wind. In some regions, it is also known by the name “uildek”.

The number of sound holes on the instrument varies depending on the musician’s skill and preference. Unfortunately, no musical pieces originally performed on uskirik have survived to the present day. Nonetheless, it remains an important symbol of the early stages of Kazakh musical heritage.

Үскірік

Үскірік – қазақ халқының ертеден келе жатқан үрмелі музыкалық аспаптарының бірі. Ол сазсырнай, керней, желбуаз, сыбызғы сияқты қазақтың ұлттық үрмелі аспаптарының қатарына жатады. Дауысы қаһарлы қыс мезгіліндегі ызғарлы желдің дыбысына ұқсағандықтан, оны ел арасында «үскірік» деп атап кеткен. Кейбір аймақтарда аспап «уілдек» деген атпен таралған.

Ойығының саны орындаушының ойнау шеберлігіне байланысты болған.
Үскірікте тартылған күйлер сақталмаған.